Жарияланған күні: 21.11.2019 12:10
Өзгертілген күні: 21.11.2019 12:13

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасау басталғалы 3 ай өтті.

         Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам Қостанайлықтарға 22,5 млн.теңге сомасына өсім есептен шығарылды, олар 133,6 млн. теңге сомасында негізгі берешекті төледі.

         Есептелген өсімпұлдарды есептен шығару бойынша осы науқанды кез келген қазақстандық ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалана алады.  

         Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады.

         Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және олар негізгі берешекті 3 жұмыс күні ішінде төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.

         Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімақыны төлеуді жүргізген жағдайда, өсім сомасы қайтаруға немесе алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға жатады. Қайтару үшін Мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру қажет.

        Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді осы мүмкіндікті белсенді пайдалануға және салықтық рақымшылық жасауға қатысуға шақырады, бұл салық ауыртпалығынан босатуға және төленбеген өсімдерді есептен шығаруға мүмкіндік береді.

         Салық төлеуші өз борышының сомасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында және электрондық үкімет порталында өткізілген «салық берешегінің болуы/болмауы туралы мәліметтер» сервисі арқылы біле алады.

 

 

Қостанай қаласы бойынша МКБ