Жарияланған күні: 03.11.2023 16:13
Өзгертілген күні: 03.11.2023 16:14

2023 жылғы 31 қазанда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі-МКБ) "Қостанай облысының іскер әйелдер кеңесімен" "Атамекен"ӨКП алаңында дөңгелек үстел өткізді

Негізгі мақсат-Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, Кеңес сұрақтарына жауаптар.

Кездесуде МКБ бас маманы Румия Гафурова Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл шаралары, ҚР ҚМ МКК цифрлық өнімдері ("е-salyq Azamat", "e-salyq Business", "SalyqBot") туралы айтып берді.

МКБ бас маманы Жанара Жақабаева Салық кодексіндегі жоспарланған өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Бас маман Мерей Алпысбаева семинарды "Азаматтық бақылау- Чекті талап ет", "Мемлекеттік қызметтер", "бөлшек салық" және т. б. тақырыптармен жалғастырды.

Дөңгелек үстел барысында "Қостанай облысының іскер әйелдер кеңесінің" өкілдері сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы