Жарияланған күні: 11.11.2019 10:32
Өзгертілген күні: 11.11.2019 14:41

   Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қостанай жоғарғы оқу орындарының студенттері және оқытушылармен, студенттермен  тұрақты түрде кездесулер өткізеді.

   Кездесу «Чек талап ет -  сыйлық ұтып ал» атты жалпы республикалық акциясына, «Азаматтық бақылау» жобасына арналады. Салық заңнамасы бойынша мәселелер қарастырылады: жеке кәсіпкерді тіркеу, электрондық цифрлық қолтаңбаны алу өзгерістері,  жергілікті салықтарды  төлеу мерзімдері, бірыңғай жиынтық төлемді енгізу, электрондық сервистердің мүмкіндіктері, ҚР ҚМ МКК, МКД сайтарының болуы, салықтық рақымшылық  және басқа да өзекті тақырыптар қозғалады.

 Іш-шара қатысушыларына барлығына түсіндіру сипатындағы флаерлер беріледі.

 

                                                                                            

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы