Жарияланған күні: 29.01.2024 18:22
Өзгертілген күні: 29.01.2024 18:25

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы апта сайын бейсенбіде ZOOM конференциясы арқылы офлайн және онлайн режимде ашық есік күндерін өткізеді. Ашық есік күндері сұрақ-жауап форматында өтеді.

Аталған іс-шараның мақсаты-салық және кеден заңнамасының нормаларын түсіндіру.

Ең жиі қойылатын сұрақтар: Жеке кәсіпкерлікті қалай ашуға болады, 250.00 нысанды декларацияны қалай ұсынуға болады, қызметті қалай тоқтатуға болады және басқалар.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.