Жарияланған күні: 15.11.2019 18:24
Өзгертілген күні: 15.11.2019 18:31

   2019 жылы 13-14 қарашада Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Нариман базарында, Орталық базарда, Қостанай автовокзалында, «1000 мелочей» сауда үйінде  көшпелі түсіндіру күнін өткізді.

   Іс-шараның мақсаты, салық төлеушілерге деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану, патент негізінде арнайы режимнен басқа режимдерге ауысу, POS-терминалдарды қолдану, «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы, «Азаматтық бақылау» жобасы туралы түсіндіру, көлік салығының сомасын, салық берешегінің сомасын және басқа да көптеген мәселелерді салық органына келмей-ақ білу мүмкіндігі туралы. Кездесу барысында сатушыларға жадынамалары таратылып, толық түсіндірілді.

 

                                                                                         Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы