Жарияланған күні: 18.01.2024 18:08
Өзгертілген күні: 18.01.2024 18:08

2024 жылғы 11 қаңтарда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының орынбасары Ж.И. Акилбекова және бас маман Ж. Д. Тұрғанова нарық аумақтарындағы бизнес қоғамдастығы үшін түсіндірмелер жүргізді.

Кәсіпкерлермен кездесудің негізгі мақсаты-салық заңнамасының нормаларын түсіндіру: жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар және басқа да өзекті тақырыптар. Жалпыға бірдей декларациялау бөлігінде практикалық жұмыс атқарды.

Кәсіпкерлерден көптеген сұрақтар болды, оларға МКБ қызметкерлері толық көлемде жауап берді, түсіндірмелері бар жадынамалар таратып, барлық кәсіпкерлерді семинарларға қатысуға шақырды.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы