Жарияланған күні: 06.12.2019 09:22
Өзгертілген күні: 06.12.2019 09:23

Жеке кәсіпкерлерге патенттен басқа салық салу режимдеріне көшу тәртібін және онлайн тапсыру арқылы БКМ орнату және қолдану бойынша міндеттерді түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Сонымен  2019 жылғы 4 және 5 желтоқсанда Қостанай қаласы бойынша МКД және МКБ мамандары «Емшан», «Дархан», «Нижняя оптовка» базарларының, сондай-ақ «Қалқан» дүкенінің аумағында орналасқан сауда орындарында сауда жасайтын кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

  

Кәсіпкерлер тарапынан арнайы салық режимдерін қолдану шартымен үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босату мәселесі үлкен қызығушылық тудырды.

МКД және МКБ мамандары  ЖК патенттен басқа салық салу режимдеріне көшу жөніндегі хабарламаны 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде ұсынбаған жағдайда, салық органдары мұндай салық төлеушілерді тек қана салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшіруге міндетті болатынын толығырақ  түсіндірді.

Сондықтан  бұл жағдайда салық салудың жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен  1 жылдан кейін ғана шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдеріне ауысу мүмкін болады, сәйкесінше жалпы бірдей белгіленген салық салу тәртібіндегі  салық төлеушілер 3 жыл мерзімге салық төлеуден босатылмайды.

ЖК жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне ауысқан кезде толық бухгалтерлік және салықтық есепке алуды, оның ішінде сатып алынған тауарлар мен қызметтердің есебін жүргізуге міндетті.

Одан басқа, Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері патент бойынша жұмыс істейтін ЖК 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ онлайн түрде орнатуға және қолдануға міндетті екендігін түсіндірді.

 

                                                                         Түсіндіру жұмыс басқармасы