Жарияланған күні: 15.12.2023 17:46
Өзгертілген күні: 15.12.2023 17:47

Қостанай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (ХҚКО) филиалының алаңында Қостанай қаласы бойынша МКБ қызметкерлер мен салық төлеушілерге арналған семинар, жалпыға бірдей декларациялау мәселелері және салықтық әкімшілендіру нормаларына қатысты өзекті мәселелер бойынша семинар өткізді.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру болып табылады. Салық кодексінде бұл мәселе 630-643- баптардың 71-тарауымен реттелген.

2024 жылғы 1 қаңтарда Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталады. Осы кезеңде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, оның ішінде қызметін уақытша тоқтатқандар өз активтерін декларациялайтын болады. Шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша сенімді түрде декларациялау қажет. Болашақта бұл кірістерге салық салу кезінде ескерілетін болады.

Семинар барысында семинар тақырыптары бойынша буклеттер таратылды, қатысушылар өткізілген семинар және көптеген сұрақтарға берілген жауаптар үшін алғыстарын білдірді.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы