Жарияланған күні: 28.10.2019 19:10
Өзгертілген күні: 28.10.2019 19:23

           2019 жылы 28 қазанда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қостанай қаласы Атамекен ҰКП алаңында онлайн БКМ қолдануға міндетті кәсіпкерлер, соның ішінде патент негізінде арнайы салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін Ашық есік күнін өткізді.

       Акцияға БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтары, БКМ өндірушілер мен әзірлеушілердің өкілдері қатысты,олар кәсіпкерлерге оларда бар БКМ үлгілері мен бағдарламалық өнімдерді көрсетті.

        Бұдан басқа, аудан орталықтарының облыстан алыстығын ескере отырып, Атамекен ҰКП аудандық филиалдары деңгейінде демонстрация облыстың барлық аудандары мен қалаларын трансляциялауға қосу арқылы нақты уақыт режимінде өтті, сондай ақ акуияға облыстың кәсіпкерлері де қатысты.

     Өткізілген іс-шарада жеке кәсіпкерлер БКМ онлайн БКМ сатып алу және орнату туралы  БКМ  ТҚО-мен шарттар жасады, сондай-ақ онлайн БКМ мобильдік нұсқаларын тіркеу жүргізілді.

      Ашық есік күніне 500-ден астам салық төлеуші қатысты. Барлық кәсіпкерлерге оларды қызықтыратын сұрақтарға, БКМ онлайн қолдану бойынша ғана емес, сонымен қатар салық заңнамасының басқа да мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

 

                   МКД Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы