Жарияланған күні: 07.12.2018 16:19
Өзгертілген күні: 07.12.2018 16:21

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 06.12.2018 жылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен (бұдан әрі - СЭҚҚ) «Астана-1» АЖ-да тауарларға арналған декларацияларды түзету тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

СЭҚҚ-қа тауарларға арналған декларацияларға өзгерістер енгізу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақ алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешіміне сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысушыларға мемлекеттік кірістер органдарына тауарларды еркін айналымға шығарғаннан кейін тауарларға арналған декларацияларға түзетулер енгізу туралы жүгінген және алынған жуаппен келіспеген жағдайда, СЭҚҚ «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының 12-бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігі туралы ақпарат жеткізілді.