Жарияланған күні: 29.11.2019 18:20
Өзгертілген күні: 03.12.2019 16:59

Салтанатты жиынды ашқан Департамент басшысы Аманжол Жомартұлы Жақанов барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу – мемлекеттің Тұңғыш басшысына оның ерен еңбегі үшін құрмет екенін атап өтті.

Сондықтан барша қазақстандықтар осы шын мәнінде кеңінен танымал болған мерекеге Мемлекет басшысына елдегі бейбітшілік пен келісім үшін тағы да ризашылықтарын білдіру мүмкіндігі ретінде қарайды.
 

2010 жылғы 14 маусымда Қазақстан Конституциялық сотының Президентке «Ұлт Көшбасшысы» немесе «Елбасы» жаңа мәртебесін беру фактісі осының дәлелі болып табылады.

Бүгін Қазақстан халықаралық қоғамдастық қазіргі заманғы демократиялық мемлекет ретінде танылды.

Бұл тәуелсіздік жылдарында салынған мықты экономикалық іргетаспен нығайтылған.

Осының барлығы халқымыздың еңбекқорлығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды.

Мемлекеттік кіріс органдары да өз үлестерін қосуда. Облыстың мемлекеттік кірістер қызметкерлерінің күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында бюджетке түсетін түсімдер тұрақты түрде артып келеді, бұл мемлекетке өз азаматтары алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы және толық көлемде орындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен  ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы Б. С. Жумабеков және Талдау және тәуекелдер басқармасының бас маманы А. И. Кенкенова құттықтап, баяндама жасады.

Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильм көрсетілді.

 

                                                                                                                                     Түсіндіру жұмысы басқармасы