Жарияланған күні: 24.10.2019 16:29
Өзгертілген күні: 24.10.2019 16:32

     

       2019 жылғы 23 қазанда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қуанышбек Махметович Бекшин (Қостанай облысы бойынша МКД басшысының орынбасары) Қостанай облысы бойынша МКД жеке құрамымен «Қоғамдық орындарда мінез-құлық этикеті» тақырыбына семинар-кеңес өткізді.

      

     Семинар-кеңес барысында осы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.

    

    Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарын қатаң сақтау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі нормаларын бұзуға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, моральдық-этикалық нормаларды сақтау және ұжымда моральдық-психологиялық ахуалды нығайту бойынша тұрақты бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі  Қ. М. Бекшин