Жарияланған күні: 11.12.2019 15:34
Өзгертілген күні: 11.12.2019 15:41

2019 жылғы 6 желтоқсанда  Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қуанышбек Махметович Бекшинмен  (Қостанай облысы бойынша МКД басшысының орынбасары) Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке құрамымен «Қызметтік қарым – қатынасты қалыптастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында дөңгелеу үстел  өткізілді.                            

Осы дөңгелек үстелде қызметкерлер ұжым ішіндегі салауатты моральдық – психологиялық атмосфераны қолдау, әріптестерге жұмыс бойынша жаксы қарым-қатынас жасау жағдайын құру, сенім және өзара түсіністік, ұжымда іскерлік ортаны қалыптастыру тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде қабылданатын шаралар, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың маңыздылығы, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жазаның нақты болуы, оларды жасағаны үшін жауапкершілік түрлері талқыланды.

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі  Қ. М. Бекшин