Жарияланған күні: 06.01.2020 09:23
Өзгертілген күні: 08.01.2020 17:08

2020 жылдың 5 қаңтарында Қостанай облысы бойынша МКД  Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Мейрам Мулькаманович Садвокасовты еңбек сіңірген демалысқа салтанатты түрде шығарып салды.

Қостанай  облысы  бойынша  МКД  басшысы   А. Ж. Жаканов  Мейрам  Мулькамановичтің  жоғары жетістіктері мен еңбегін атап өтті.

М. М. Садвокасов өз қызметін кеден органдарында 1996 жылы «Обаған»  кеден  бекетінің, содан кейін «Ақбалшық», «Обаған» кеден бекетінің басшысы лауазымынан бастады.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап Департаменттің кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жоғары  көрсеткіштері  мен  үлгілі еңбегі үшін Мейрам Мулькаманович:  2002 жылы ІІІ дәрежелі «КО үздік қызметі үшін» төсбелгісімен, 2010  жылы  «ҚР КО  20  жылдығы» төс белгісімен, 2011 жылы ІІ дәрежелі «Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін» төс белгісімен, 2019 жылы ҚР ҚМ МКК күніне орай «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Жұмыста өзін қалыпты, жауапты, өз жұмысына ұқыпты  маман ретінде көрсетті.

Құттықтау сөзімен басшының орынбасары Қ. М. Бекшин, Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы А. А. Мустафина зор денсаулық, туған-туысқандары мен жақындарына өркендеу, өмірлік күш-жігер, ұзақ өмір сүру, табыс пен жаңа жетістіктер тілей отырып, тағдыр сыйлаған әрбір минуттың  рахатына бөленуді тіледі.

 

                                                                                                                                                     Түсіндіру жұмыс басқармасы