Жарияланған күні: 02.11.2023 18:27
Өзгертілген күні: 02.11.2023 18:28

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері түзеу мекемесіне барды.

Ағымдағы жылдың 17 қазанында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу мақсатында Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 38 мекемесіне жазасын өтеушілердің күн тәртібімен танысты.

Бұл түзеу мекемесінде сыбайлас жемқорлық фактілері мен қылмыстық істер бойынша қылмыс жасаған 1300 астам адам жазасын өтейді, алаяқтық, ұрлық, мас күйінде көлік жүргізу нәтижесінде адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғалары және т. б.

Жеке құрам бұл колонияда пара түрінде ақшалай сыйақы алғаны үшін сотталған азаматтық қорғау қызметкерлері де бар екенін білді. Колонияда қызмет ететін ішкі істер органдарының қызметкерлері өз кезегінде жас мамандарға жұмыста сәттілік тілеп, қиын өмір жолында қателеспеуге шақырды.