Жарияланған күні: 30.12.2019 12:00
Өзгертілген күні: 30.12.2019 12:06

Өткен салық кезеңдерінде жинақталған қарыздары бар жеке тұлғалардың назарына салықтық талаптарды пайдалану және ағымдағы жылдың соңына дейін негізгі берешек  сомасын төлеу мүмкіндігінің бары туралы хабарлаймыз.

Бұл ретте есептелген өсімдер Мемлекеттік кірістер органдарынан автоматты түрде есептен шығарылады.

2019 жылғы 26 желтоқсандағы жағдай бойынша облыс бойынша негізгі қарызды бюджетке төлеу кезінде 36 105 ЖТ бойынша өсім есептен шығарылды, олар ағымдағы жылдың басынан бастап 592,6 млн. теңге мөлшерінде негізгі  берешек  сомасы төленді  және 53,7 млн. теңге сомасына өсім есептен шығарылды.

Жыл басынан бері берешегі бар және берешектің негізгі сомасын өтеу шартымен өсімпұлды есептен шығару бойынша акцияны пайдалану мүмкіндігі бар жеке тұлғалардың саны 65 550 адамды құрады, негізгі борыш бойынша 728,7 млн.теңгеге берешек сомасы және өсім сомасы 147,1 млн. теңге.

Мемлекеттік кірістер органдарының БАҚ құралдары және «салықтық рақымшылық»  акциясы  бойынша  өңірлерде  және  орталық деңгейде семинарлар бойынша үгіттеу және насихаттау жұмыстары жалғасуда.

Салық бойынша берешекті осы жылдың соңына дейін төлеу қажет екенін естеріңізге саламыз. Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігін мына:  https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web.  сілтеме бойынша біле алады.

Салықтық рақымшылық жасау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады, осыған байланысты мемлекет алдындағы негізгі берешекті  өтеу және мүмкіндік табу уақыты әлі де бар.

Салық  берешегі  бар  жеке  тұлғаларды салықтық рақымшылық жасау мүмкіндігін пайдалануға және негізгі қарыз сомасын төлеуге шақырамыз.

 

                                                                                                                      Өндірістік емес төлемдер басқармасы