Жарияланған күні: 29.09.2023 17:50
Өзгертілген күні: 29.09.2023 17:52

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру шеңберінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Спикерлер:
- Қайрат Миятов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары;
- Жәнібек Нұржанов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары;
- Мұратбек Мусин, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры;
- Алия Жетібаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті әдіснама департаментінің директоры;
- Нұржан Қуандықов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры.

Баспасөз конференциясы «БАҚ өкілінің сұрағы – мемлекеттік кірістер комитеті спикерінің жауабы» форматында өтті.

Салық салу, жеке табыс салығы мен корпоративтік табыс салығының сараланған мөлшерлемелерін енгізуге ұсыныстар туралы, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты және мүлкіне салынатын салықты есептеу, мобильді аударымдар арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қолдану, көлік құралдарына салынатын салықты алып тастауға қатысты ұсыныстар туралы, салықтық тексерулер және т. б. бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында БАҚ өкілдерінің қатысуымен осындай баспасөз конференцияларын алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отыр.

Баспасөз конференциясының толық жазбасы сілтеме бойынша қол жетімді.
https://drive.google.com/drive/folders/1dKMH7WcEtCYBipLoadjnCmN_GXwdLVK_?usp=sharing

#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня