Жарияланған күні: 15.10.2019 11:10
Өзгертілген күні: 15.10.2019 11:11

        

           Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылғы 16 шілдеден бастап қазақстан-өзбек шекарасындағы «Б. Қонысбаев» өткізу пунктінде (39855510) қайта құрудың басталғанын хабарлайды. Қайта құру өткізу пункті арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді ішінара шектейді.

              Құрылыстың жоғары қарқынын қамтамасыз ету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 1 қарашадан бастап өткізу пункті арқылы жеке тұлғалардың, жеңіл автокөліктің, микроавтобустардың, автобустардың және 3,5 тоннаға дейін жүк автокөліктерінің өтуіне тиым салу бойынша шаралар қабылданады.

              Осыған байланысты, тасымалдаушыларға қазақстан-өзбек шекарасы арқылы өткізудің балама бағыттарын таңдауға кеңес береміз.