Жарияланған күні: 05.10.2023 16:12
Өзгертілген күні: 05.10.2023 16:13

Сапар Ерғалиев атындағы орта мектеп оқушылары «Salyq bot»  чат-ботын насихаттау мақсатында флешмоб өткізді.
Халыққа салық және кеден мәселелерін түсіндіру, хабардар болуын жақсарту және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті  @«SalyqBot» сілтемесі бойынша (немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтеме бойынша) Telegram-да Чат-ботты іске қосты.
@SalyqBot – сандық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген, өте пайдалы  мына функциялары бар:
- пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді;
- салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;
 - қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;
 - жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;
 - пайдаланушыларға МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді;
  - заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.
  Мемлекеттік қызметтерді алу процесінде байланыстарды барынша азайту, яғни,  Мемлекеттік кірістер органдарына баруды болдырмау, уақытты үнемдеу және мәліметтер алу сапасын жақсарту және оны дамыту үшін @SalyqBot сандық салық кеңесшісіне жазылыңыз және оны тиімді қолданыңыз.

Бейімбет Майлин ауданы бойынша МКБ