Жарияланған күні: 25.04.2024 17:17
Өзгертілген күні: 25.04.2024 17:17

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б. С. Алмағамбетов аудан әкімі Б. К. Танжариковтың төрағалығымен өткен аудан әкімдігінің кезекті отырысына қатысты.
Күн тәртібіне бюджеттің кіріс бөлігінің резервтерін қамтамасыз ету мәселесі, мемлекеттік кіріс органдарының уәкілетті органдармен өзара іс-қимылы енгізілді.
Отырыс қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігін баяндамада көрсетілген қосымша резервтермен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау туралы шешім қабылданды. Уәкілетті органдарға мемлекеттік кіріс органдарына мәліметтерді тұрақты негізде ұсыну, ақпаратпен жедел алмасу (кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз айналысатын жеке тұлғалар бойынша, бюджетке салық төлемейтін объектілер, жер учаскелері, тіркелмеген жалдамалы қызметкерлер және т.б.) тапсырылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Мемлекеттік кірістер басқармасының базасында Қостанай ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының қатысуымен Қостанай ауданының барлық ауылдық округтерінің мамандарымен Жалпыға бірдей оқыту семинарын өткізу туралы шешім қабылданды.