Жарияланған күні: 01.11.2019 12:10
Өзгертілген күні: 01.11.2019 12:15

 

 

         Мемлекеттің табысты жұмыс істеуі мен әлеуметтік-орнықты дамуы үшін мемлекеттік органдар беретін ақпараттың ашықтылығы мен қолжетімділігі маңызды критерий болып табылады.

         Бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп жатқан реформалар барысында біз кәсіби мемлекеттік аппарат пен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті белсенді түрде қалыптасуының, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының жақсаруның куәсі болып отырмыз.Мемлекеттік қызметке кіру рәсімі жаңартылды.

         Осылайша, бірінші кезекте мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде конкурстық рәсімдердің ашықтылығы мен айқындылығы  қамтамасыз етілді. Бос орындар туралы барлық конкурстық хабарландырулар тиісті мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер Агенттігі Департаментінің интернет-ресурстарында жарияланады, ал мемлекеттік қызметке кіру кешенді  іріктеу нәтижелері бойынша және  тек төменгі лауазымнан ғана мүмкін болады. Жоғары тұрған бос лауазымға  іріктеу мемлекеттік орган қызметкерлері арасында ішкі конкурс өткізу арқылы мүмкін болады . Жұмыс тәжірибесі мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуінің басты шарты болды және тағы да конкурс негізінде өткізіледі. Міндетті сынақ мерзімі енгізіліп, этикалық нормалардың бұзылуына және сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын жағдайлардың алдын алуға бағытталған қатаң шаралар қарастырылды. Ал бақылаушылар институты мемлекеттік органдарда кадрларды іріктеу бойынша  конкурстарды өткізу кезінде олардың айқындылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл осы түзетудегі сыбайлас жемқорлық  тәуелкелдерін  азайтуға мүмкіндік берді.

                                                                                                                                                                                        Қостанай қ. бойынша МКБ