Жарияланған күні: 24.10.2019 11:32
Өзгертілген күні: 24.10.2019 11:35

      

       Семинарға өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Ш. Ж. Мұқанова,  берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Б. М. Шуинов, мемлекеттік қызметтер басқармасы бөлім басшысының м.а.Р. Н. Шуақпаева, аудит басқармасының басшысы К. П. Сальник, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы басшысының м.а. Н. В. Седых, түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы  Б. У. Ерменов, «Қостанай-КРО»  КБ  бас маманы Т. М. Зямзина, экспорттық бақылау басқармасының бөлім басшысы Д. Н. Айсин.

      

      Бағдарламада салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелері айтылды.2020 жылдан бастап заңнамадағы өзгерістерге, жеке тұлғалардың салықтарды төлеу мерзімдерінің мәселелеріне, жеке тұлғалардан алынатын жергілікті салықтар бойынша берешекті қалай тексеруге, шағын және орта бизнес субъектілеріне, жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасау қалай өтуде, төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімін ұзарту және мерзімін ұзарту қандай жағдайларда ұсынылады, онлайн бақылау - кассалық машиналарды қолдануға көшу қалай жүргізіледі, электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету туралы, салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру тәртібіне толығырақ тоқталды, 2018 жылы енгізілген «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін «бірыңғай терезе» порталы қандай мүмкіндіктер ұсынады, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік шекарасындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметі туралы айтылды.