Жарияланған күні: 17.11.2017 17:58
Өзгертілген күні: 20.11.2017 16:14

2017 жылғы 15 қарашада Қостанай облысының әкімдігінде Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

1993 жылғы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жарыққа шықты, ал 1993 жылғы 15 қарашада теңге айналымға енгізілді. Осы күннен бастап 15 қараша ресми түрде Ұлттық валюта күні деп есептеледі. Бүгінгі күні теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендік белгісі, жаңа тарихтың және Қазақстан болашағының бөлігі болып табылады.

Салтанатты іс-шараның барысында адал еңбегі үшін және Ұлттық валюта күніне орай облыстың қаржы жүйесінің бір қатар жұмыскерлері, соның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай Қостанай облысы бойынша МКД мына қызметкерлері:

Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Гүлсара Орынбасарқызы Кужемратова

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімінің басшысы Азамат Сағызбайұлы Мұканов облыс әкімі А.Мухамбетовтің Құрмет грамотасымен марапатталды.