Жарияланған күні: 24.10.2019 11:47
Өзгертілген күні: 25.10.2019 09:56

      

       Арқалық қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары 2019 жылдың 23-шіқазан айында Торғай гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп «Чек талап ет –жүлде ұтып ал!» науқанына қатысу шарттарымен таныстырды.Студенттерге – тауар, қызмет және жұмыс  тұтынушыларының өз құқықтарын қорғау, көлеңкелі экономиканы қысқарту және кәсіпкерлер арасындағы бәскелестікті жоғарылату мақсаттарын түсіндірді. Кассалық бақылау машинасы арқылы чек бермей  кірісін жасыратын, тиісті салық  төлемейтін азаматтарға қатысты шыдамсыздықты қоғамға  тарту мақсатында колледж студенттеріне "Халықтық бақылау"  жобасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

        "Чек талап ет - жүлде ұтып ал!" республикалык акция бойынша  қатысушыларға буклет ұсынылды.

Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы