Жарияланған күні: 20.07.2015 14:57
Өзгертілген күні: 20.07.2015 15:08

Енді азаматтар құқық бұзушылық және қылмыс фактілері бойынша WhatsApp арқылы хабарлай алады

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтардың қылмыс және құқық бұзушылықтар  фактілері туралы, немесе салық және кеден саласындағы заңнамасындағы қылмыстың дайылдалуы, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының тарапынан сыбайлас жемқорлық және басқа да заңсыз іс әрекеттері туралы ақпаратты   WhatsApp арқылы 8 771 0179900 нөміріне хабарлай алады.

Департаменттің лауазымды тұлғалары тарапынан тәртіптік әрекеттер бойынша (Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намысы кодексінің нормаларын бұзу; заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін  бұзу; шешім дайындау және қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңсыз ерекше ықылас көрсету; Қазақстан Республикасының қолданыстағы бекітілген түсіндіруді және ақпаратты беруден негізсіз бас тарту және т.б.);

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және қылмыстар бойынша (лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайдалану, лауазымдық уәкілеттілігін теріс пайдалану, қызмет бойынша әрекет етпеу, залал келтіру арқылы немқұрайлық,  күшпен пара алу, пара беру және т.б.);

Салық құқық бұзушылықтар бойынша (қолма қол есептеуі кезінде бақылау кассалық машиналарын қолданбау, немесе тауарлық түбіртекті бермеу; тіркеусіз кәсіркерлік қызметпен айналысу; алкогольді өнімдерін тіркеусіз, жолдама үстемелерсіз іске асыру, сатылу бағасынан төмен сату, т.б.);

Кеден саласындағы құқық бұзушылықтар және қылмыстар бойынша (кедендік ресімдеуді және кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде ұстау туралы, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жасанды кедергі құру туралы, контрабанда әрекеті туралы және т.б.);

Экономикалық тергеу қызметінің саласы бойынша (жалған кәсіпкерлік, қаржы пирамидасын құру; тауар белгілерін заңсыз қолдану, жасанды ақшаларды, құнды қағаздарды, төлем карточкаларын дайындау немесе өткізу(сату), қасақана жалған банкроттау, бюджетке салық және басқа міндетті төлемдерді төлеуден жалтару; рейдерлік және т.б.).

Айтылған бағыттар бойынша қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың куәсі болған азаматтар, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалардың әдепсіз тәртіптері туралы айтылған фактілер бойынша фото және баспабейнелерін көрсетілген WhatsApp нөміріне жіберулеріне, сондай-ақ Департаменттің 53-65-80 сенім телефонына (тәулік бойы жұмыс істейді) немесе кезекші бөлімінің 53-67-93 телефонына хабарлауларына болады.

Сонымен қатар қылмыстық әрекет және қылмыстық қылмыс жасалғаны туралы жалған құпия хабар үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 419-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы еске саламыз.

 

 

Департаменттің баспасөз қызметі