Жарияланған күні: 19.03.2015 14:56
Өзгертілген күні: 19.03.2015 14:58

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және алдын алу - мемлекеттің басым бағыттарының бірі

 

2014 жылдың 14 тамызындағы № 933 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына байланысты ҚР ҚМ Салық комитетімен, Кедендік бақылау комитетін қосу нәтежесінде мемлекеттік кірістер Комитеті құрылып қаржы, кеден және салық саласында құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізуге, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге мүмкіндік берілді.

Жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде мемлекеттік саясатты, елдің экономикалық қауыпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың әлеуқатын арттыруға 2015 жылға арналған Департамент жоспары жасалып және бекітілді.

Облыстық құқыққорғау органдарымен жемқорлық және құқық бұзушылық болдырмау шараларын біріге атқару Жоспарларына қол қойылды.

Департаменттің әкімшілік ғимаратында тәулік бойы жұмыс жасайтын сенім телефон нөмірі 53-65-80 хабарламада көрсетілген.

Азаматтардың өтініш хаттарын, шағымдарын және арыздарын салатын жәшік орнатылған, қортындысында түскен хабарларды уақтылы және нақты қарау шаралары қаралады.

«Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 9-бабының 2,3 тармақшаларына сәйкес Департамент қызметткерлері және олардың жұбайлары уақтылы кірістер және мүліктері туралы декларация тапсырады.

Мемлекеттік сатып-алу шараларына байланысты қатаң қадағалау жүргізілуде.

2015 жылдың 23 қаңтарындағы № 15 Департамент Бұйрығына байланысты қарамағындағы жауапты қызметкерлердің жемқорлыққа және қылмыстық құқықбұзушылыққа жауапкершілік басқарма және бөлім басшыларына жеке-дара жүктелген.

Жемқорлыққа қарсы күрес төңірегінде  жасалынып жатқан шараларды жергілікті тұрғындарға уақтылы хабардар ету үшін, Департамент  ақпарат құралдары арқылы уақтылы хабар беруде.

Қазақстан Республикасы қылмыстық және қылмыстық- процессуальдық заңдарының нормаларына сәйкес оқу ұйымдастырылып, сот алдындағы тергеу шараларын бір жерден тіркеу енгізілді.

Қызметтік тексеріс қортындысымен 4 лауазымды маман өз қызметтерін нақтылы атқармағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2015 жылдың басынан бастап жеке тұлғаның арызы бойынша ішкі қауіпсіздікті бақылау Басқармасының сот алдындағы тергеу шараларын бір жерден тіркеу тізіміне  ҚР ҚК 361 бабында көрсетілген қызметтік міндетін пайдаланып қиянат еткендіктен бір қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді.

Жемқорлықтың түп-тамырын жоюда және шығу себебін анықтауда мемлекеттік басшылықтың құрамын толықтыру, мемлекеттік қызметтердің сапалы жүргізілуін арттыру, мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру, жемқорлыққа шыдамдылық танытпау шаралары негізгі болып табылады.

 

 

Қостанай облысы бойынша МКД

ішкі қауіпсіздік Басқармасы