Жарияланған күні: 04.11.2015 18:07
Өзгертілген күні: 04.11.2015 18:08

Тұрғындардың  нақты кірісін салықтық бақылау және

көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету құралы ретінде жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкі туралы  жалпы мағлұмдама беру

 

Халықаралық тәжірибеде жеке тұлғалардың табысын және мүлігін мағлұмдау халықтың шынайы табысының және көлеңкелі экономикасының салықтық бақылау құралы ретінде әлемнің көптеген елдерінде қолданылады (АҚШ, Канада, Алмания, Франция, Швеция және т.б.).

 Қазақстан Республикасында барлық жеке тұлғалардың табысын және мүлігін мағлұмдауды енгізу туралы шешім қабылданды, өйткені қазіргі уақытта барлық жеке тұлғалардың табысы және мүлігінің пайда болу көзіне тиімді бақылау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ, өйткені табыс және мүлік туралы мағлұмдама тек қана шектеулі тұлғаларға беріледі.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта Қазақстан Ресупубликасының «Жеке тұлғалардың табысы және мүлігін мағлұмдау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы» Заңының жобасы жасалды.

Заң жобасы Ел басының бес институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның, Қазақстан Республикасының азаматтардың және ықтиярхаттары бар тұлғалардың жалпы табысын және мүлігін мағлұмдауға көшу бойынша концепцияның, сонымен қатар 2011-2015 жылдарға Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша салалық бағдарламаның орындалуы үшін жасалған.

Бұл Заң жобасымен табыс және мүлікті мағлұмдау жүйесіне сатылап кіру қарастырылған. Осылайша, 1-сатыда 2017 жылы – мағлұмдауды мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, сонымен қатар жеке тұлғалардың анағұрлым дайын категориясы ретінде, мелекеттік кәсіпорындардың және ұлттық компанияның қызметкерлері тапсырады. 2-саты 2020 жылдан бастап қалған барлық жеке тұлғаларға қатысты болады.

Мағлұмдауды Қазақстанның кәмелетке жеткен тұлғалары, оралмандар және ықтиярхаттары бар тұлғалар, өзіне тіркеулі мүлігі бар кәмелетке толмағандар (мағлұмдауды тапсыру бойынша міндет кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жүктеледі), сонымен қатар Қазақстан Республикасының аймағында мүлігі бар шетелдіктер немесе кіріс көзіне салық салынбағандар тапсырады.

Мағлұмдау жүйесіне кіру активтер және міндеттемелер («кіру» мағлұмдамасы) туралы мағлұмдауды беру жолымен жүзеге асырылады, онда Қазақстанда және шетелде бар мүлік, салымдар туралы, сонымен қатар жеке тұлғаның талаптары және міндеттемелері туралы деректер көрсетіледі. Кейін жеке тұлғаның (жыл сайынғы мағлұмдама) табысы және мүлігі туралы мағлұмдама беріледі, онда мемлекеттік және басқа тіркеуге жататын мүлікті (жылжымайтын мүлік, көлік, құнды қағаздар, қатысу үлесі және т.б.) меншіктен шығару немесе сатып алу туралы деректер, кірістер, осындай мүлікті сатып алу шығындары, сонымен қатар осындай шығындардың көздері көрсетіледі. Бұл кезде кірістері жоқ немесе жалақы не зейнетақыны жаңа алған тұлғалар, мемлкеттік қызметшілерге, депутаттарға, судьяларға, өз жұмыстарымен айналысатындарға жатпайтын тұлғалар мағлұмдаманы 1 бетте оңайлатылған форматта   тапсырады.

Жоғарыда көрсетілген түзетулерді жүзеге асыру, заң жобасын жасаушының пікірі бойынша салық төлеуден жалтарушыларлды анықтау және көлеңкелі экономиканың көлемін азайту мақсатында толыққанды бақылауды жүзеге асыруға септігін тигізеді.    

 

Әулиекөл бойынша МКБ