Жарияланған күні: 23.10.2019 17:51
Өзгертілген күні: 23.10.2019 18:06

         2019 жылғы 22 қазанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаменттерімен бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өткізді. Негізгі мәселе-онлайн БКМ енгізу.

Кері байланыс аясында, кеңеске БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтарының, кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдардың және республикалық кәсіпкерлерді қолдау орталығының өкілдері қатысты.

Онлайн  БКМ енгізу бойынша жұмыс 2015 жылдан бастап жүргізіледі. Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында барлық ақшалай есеп айырысулар онлайн-БКМ қолдану арқылы жүргізілуі тиіс, оның ішінде міндеттеме патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге және бірыңғай жер салығын төлеушілерге де таратылады. Бұл талаптар желі жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге қолданылмайтынын атап өту қажет.

Шағын бизнес субъектілеріне тексеру жүргізуге  мораторий жариялау қарсаңында  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті тұтынушылар мен азаматтар алдында жауап беретін бизнестің тұтастығы мен заңға бағынуы, өзін-өзі реттеу және қоғамдық бақылау құралдарын іске қосу қажеттілігі туралы сенімін білдіргенін атап өтті.

Сонымен қатар, бизнес субъектілері белгіленген нормалар мен ережелерді, әсіресе санитарлық-эпидемиологиялық салада бұзған жағдайда мұндай компаниялар жабылатын болады, ал олардың иелері жауапкершілікке тартылады, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осылайша, кәсіпкерлер заңнаманың белгіленген талаптарын сақтау, соның ішінде БКМ қолдану жөніндегі міндеттемелерден босатылмайды.

Кассаның болуы туралы талаптар тек Салық кодексімен ғана белгіленбейтінін  атап өту қажет.

БКМ қолдану  сатып алушы үшін де, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатушы үшін де қажет.

Азаматтық кодексінің ережелеріне сәйкес, кассалық түбіртекті беру Сатып алушы мен сатушы арасында бөлшек сату-сатып алу шартының жасалғанын растау болып табылады.

Бұл норма Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 446-бабымен бекітілген.

Сонымен, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті кірістерді есепке алуды жүргізу салық декларацияларын тапсыру үшін де қажет екенін атап өтті, себебі одан ешкім босатылған жоқ.

Яғни, СТ-нің кәсіпкерлік қызметінен түскен табыстар  негізгі қызметтен салық төлеуден босатылуына және тексеруге мораторийге қарамастан декларациялануы керек.

2019 жылдың 28 қазанында  салық төлеушілерге арналған бірыңғай, бүкіл ел бойынша «онлайн БКМ жәрмеңкесі» өткізілетін Ашық есік күнін өткізу жоспарлануда, ол салық төлеушілерге БКМ таңдауын анықтауға мүмкіндік береді, БКМ өкілдері өз өнімдерінің, дәстүрлі машиналардың, сондай-ақ мобильді және компьютерлік қосымшалардың артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы көрсетеді және айтып береді. Уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.

 

         Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы