Жарияланған күні: 12.04.2019 09:27
Өзгертілген күні: 12.04.2019 09:29

2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару жолымен шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық жасау туралы тапсырма берді.

 2019 жылы өткізілетін салықтық рақымшылық нормалары мемлекет Басшысы 2018 жылғы 28 желтоқсанда қол қойған № 210-VІ "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңымен белгіленген.

Осылайша, заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2018 жылғы 1 қазандағы негізгі борышты 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтеу шартымен шағын және орта бизнеске өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығаруды көздейді.

          Қостанай облысы бойынша алдын-ала деректер бойынша, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 5,1 млрд.теңге салық берешегі бар 2759 орта және шағын бизнес субъектісі рақымшылық жасауға жатады.

Бұл ретте есептен шығаруға жататын өсімпұлдардың жалпы сомасы - 1,8 млрд. теңгені, айыппұлдар – 0,1 млрд. теңгені құрайды,олар 3,3 млрд. теңге мөлшерінде негізгі борыш төленген жағдайда есептен шығарылады. 2018 жылғы 1 қазаннан бастап негізгі борышты төлеу күніне дейін есептелген өсімпұлдар есептен шығарылады.

         Салық төлеушілерге рақымшылық жасауға  ілігу  үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, Мемлекеттік кірістер органдары тұрақты негізде жеке шоттардың жағдайына мониторинг жүргізеді және негізгі қарызды төлеу кезінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.

Негізгі борыш сомасын, өсімақы мөлшерін салық төлеушілер "салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасында жеке шоттан үзінді көшірмені алу арқылы анықтай алады.

Сондай-ақ, салық берешегі туралы ақпаратты Комитеттің интернет-ресурсынан білуге болады www.kgd.gov.kz "Электрондық үкімет" порталында "салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" электрондық сервисті пайдалануға болады, ол онлайн-режимде салық төлеушінің ЖСН/БСН бойынша салық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы өзекті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

Сақтандыру рәсімінде тұрған немесе салықты кейінге қалдыруды алған салық төлеушілерден ерекшеленеді.

Егер мұндай салық төлеушілер салықтық рақымшылық жасауға түскісі келсе, олар мемлекеттік кіріс органына тиісті өтініш жолдап, салықтар бойынша негізгі борыш сомасын мерзімінен бұрын өтеуі қажет.

Бұдан басқа, оңалту рәсімінен өтіп жатқан салық төлеушілерге оңалту жоспарына өзгерістер енгізу, өзгерістерді кредиторлар жиналысымен келісу және оларды сот бекітуі қажет.

Сондай-ақ өсімпұлды есептен шығару бойынша толық ақпаратты Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық басқармаларынан немесе Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 8 (7142) -53-65-45 телефоны бойынша алуға болады.