Жарияланған күні: 21.11.2019 09:40
Өзгертілген күні: 21.11.2019 09:45

2019 жылы 20 қарашада Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары «Игилик» базарының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты - деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану мәселелері бойынша, патент негізінде АСР қолданатын салық төлеушілердің 01.01.2020 жылдан бастап басқа салық салу режимдеріне көшуі туралы түсіндіру, «Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» акциясының ережелері және «Азаматтық бақылау» жобасы түсіндірілді.

                                                                                  Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы