Жарияланған күні: 16.10.2019 16:09
Өзгертілген күні: 16.10.2019 16:26

           Рудный қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжінің студеттерімен «Түбіртекті талап ет – сыйлық ұтып ал!» науқанына қатысу ережелерін түсіндіру бойынша кездесу өтті.

«WIPON» мобильді қосымшасына түбіртекті жолдағаннан кейін қатысушы 5000 теңгеге  дейін ұтып алу мүмкіндігіне ие. Жедел сыйлықтардың жалпы ұтыс қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жолданған түбіртектер сондай-ақ, науқанның басты жүлдесі – көлік  ұтысына да қатысады.

Соңғы науқан ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитетінде бағалы сыйлықтар мен басты сыйлық –көлік  сыйланатын болады. Басты сыйлықтың жүлдегері кездейсоқ түбіртекті таңдау бойынша анықталатын болады. Осылай, қаншалықты көп түбіртек жолданса, сонша ұтысты алу мүмкіндігі көп болып табылады.

Сонымен қатар, осы мобильді қосымшаның көмегімен дүкенде түбіртекті бермеген жағдайда, шағым жолдау мүмкіндігі бар.

Барлық салық төлеушілерге, фискалды түбіртекті бермеген фактісі туралы хабар беріп, сол ақпарат расталған жағдайда телефон қорына 1000 тенге аударылатын болады.

Студентерге сонымен қатар науқанның басты мақсаты - азаматтық белсенділікті, тауарлар, жұмыс пен қызметтердің тұтынушылары ретінде жеке қызығушылығын қорғау сұрақтарында азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканы азайту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекені ынталандыру болып табылатыны түсіндірілді.