Жарияланған күні: 31.12.2019 09:26
Өзгертілген күні: 31.12.2019 09:27

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды, Қостанай қаласы бойынша МКБ қызметкерлері жеке сот орындаушысы Б.Т.Исмухамбетовпен бірлесіп көлік құралдарына арналған салық бойынша берешекті жеке тұлғалардан өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шара өткізді. Рейдтік іс-шараның нәтижесінде мүлікті, нақты айтқанда HYUNDAI AERO BUS 540 маркалы автокөлік құралын алып қою туралы қаулы шығарылды, көлік құралдарына арналған салық бойынша берешек 4 884 221 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, бұл салық төлеуші Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 3928-19-00-3/8548 қаулысына сәйкес 8838 теңге сомасында салынған айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Борышкерлерге қатысты жүргізілген жұмыс кезінде, 23-26 желтоқсан күндері ғана төр ірі салық төлеуші сот бұйрықтарын орындады және олар 1 048 886 сомасындағы негізгі қарызды төледі, осылайша өсімпұл сомасын алып тастау бойынша жүргізіліп жатқан рақымшылықты пайдаланды.

Осындай іс-шара тұрақты негізде өткізіліп тұрады.

 

                                                                                                                                              Қостанай қаласы бойынша МКБ