Жарияланған күні: 07.08.2018 18:02
Өзгертілген күні: 07.08.2018 18:03

Қостанай қаласы бойынша мемлекетік кірістер басқармасы, борышкерлермен жұмысты жандандыру мақсатында, жеке сот орындаушылармен орындаушылық өндірістің аясында, көлік құралына салық берешегі бар жеке тұлғаларға бірлесіп рейд жүргізді. 

Сонымен, 2018 жылдың 27 шілдесенде Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен сот орындаушылары және БАҚ өкілдерімен бірлесіп «VOLVO 760» көлік құралына тыйым салынды.

Мүлікке тыйым салуды болдырмау және Қазақстан Республикасы шекарасынан шығуға шектеу болмау үшін, салық төлемдерін уақытылы төлеуді сұраймыз және берешекті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитетінің ресми сайтында немесе Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына Қостанай қаласы, Мауленова көшесі,  21 үйде келу тәртібі бойынша біле аласыздар.