Жарияланған күні: 21.11.2019 16:03
Өзгертілген күні: 21.11.2019 16:25

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасымен 2019 жылғы 20 қарашада жер қатынастары, жылжымайтын мүлікті тіркеу, сәулет және қала құрылысы саласындағы облыстың және Қостанай қаласының уәкілетті органдарымен салық салу объектілерін толық есепке алу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Жұмыс кеңесі барысында уәкілетті органдарға мүлік объектілерін түгендеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат жеткізілді, әрбір объектіні уақытылы тіркеу және қайта тіркеу, мүлікті мақсатты пайдалануды бақылау мәселелері қаралды.

Өз кезегінде, Уәкілетті органдардың өкілдерінің  мүлікті есепке алу кезінде туындайтын проблемалық мәселелері айтылды.

Диалог сындарлы  түрде  өтті. Кеңес нәтижесінде өзара іс-қимыл алгоритмі анықталды және уәкілетті органдар мен Мемлекеттік кірістер органдары арасында мәліметтерді беру тәртібі әзірленді.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің бұзылуына әкелетін жер қатынастары және жылжымайтын мүлікті толық есепке алу саласында туындайтын проблемалық мәселелерді шешу бойынша семинардың мақсатына қол жеткізілді.

                                                        

                                                                                                                                 Қостанай  облысы  бойынша  МКД                                    
                                                                                                                                 Өндірістік емес төлемдер басқармасы