Жарияланған күні: 05.10.2023 16:21
Өзгертілген күні: 05.10.2023 16:23

2023 жылғы 26 қыркүйек-03 қазан аралығында  Сапар Ерғалиев атындағы орта мектепте Бейімбет Майлин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері 7-8 сынып оқушылары арасында салықтық сауаттылық сабақатарын өткізді.

Іс-шараның мақсаты студенттерді «салықтар дегеніміз не?»,  «олар не үшін қажет?» деген негізгі ұғымдармен таныстыру болды. Сондай-ақ оқушылар арасында салық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу, оларды салықтардың мәнімен, түрлерімен және құрылымымен, олардың қазіргі қоғамдағы қызметімен таныстыру.

Қызметкерлер салық қызметінің маңыздылығын, олардың мемлекеттің қалыптасуымен бірге пайда болғанын және оны сақтау мен дамыту үшін пайдаланғанын айтты. Салықтар білім беруді, денсаулық сақтауды, ғылымды, экологияны, мәдениетті, әлеуметтік және т.б. қамсыздандыру үшін жұмсалатынын жеткізді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, осындай сынып сағаттары мектептің басқа сыныптарында да өткізілетін болады.

Бейімбет Майлин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы