Жарияланған күні: 08.11.2023 16:47
Өзгертілген күні: 08.11.2023 16:48

2023 жылғы 08 қарашада Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер үшін кезекті Ашық есік күнін өткізді.
МКБ қызметкерлері келушілердің сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ "е-Salyq Azamat", "е – salyq Business", "SalyqBot" - цифрлық салық кеңесшісі мобильді қосымшалары бойынша сауалнама жүргізді. Салық төлеушілерге тауарлардың электрондық саудасының шарттары, "Азаматтық бақылау – Чекті талап ет" пилоттық жобасы туралы айтып берді, бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін түсіндірді, есептілікті ұсыну және қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін ақы төлеу мерзімдеріне және салықтық және кедендік әкімшілендірудің басқа да өзекті тақырыптарына егжей-тегжейлі тоқталды.
Барлық келушілерге жадынамалар табысталды.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы