Жарияланған күні: 19.06.2018 14:25
Өзгертілген күні: 21.06.2018 18:11

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «2018 жылдың жылдам нәтижелері («Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасы аясында)» іс-шараларын жүзеге асыру туралы жоспарын орындау, мақсатында Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты (одан әрі-Қостанай облысының МАЭС) және Қостанай облыстық сотының арқауымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, прокуратура, әділет қызметкерлері өкілдерімен жұмыс кездесуіне қатысты. Бұл сұхбат ортасы, салық міндетемесін орындамаған заңды тұлғаларды мәжбүрлі тарату мәселесі бойынша аймақтың мемлекеттік органдары арасында өзара қарым қатнасты жандандыруды қамтамасыз етуге негізделді. Салық органдары мамандарының тұжырымдауы бойынша аталған тақырыпта Қостанай облысының МАЭ сотына 3000-ға жуық талап арыздар дайындалып жатыр. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Заң басқармасының басшысы С. Плохотенко салық төлеушілерді мәжбүрлеп тарату рәсімі, сотқа арыз беру 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексінің 93-бабына сәйкес жүргізілетіндігін атап өтті. Салық төлеушілерді мемлекеттік деректер базасынан шығару салық органдарының тарату туралы талаптарды орындамай, сот шешімімен жасалады. Кездесу барысында әкімшілік-ұйымдастыру сипатындағы, соның ішінде электрондық сот өндірісі мүмкіндігін қолдану бойынша нақты шешімдер әзірленді.

 

Заң басқармасы