Жарияланған күні: 08.11.2019 17:08
Өзгертілген күні: 08.11.2019 17:39

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жеке сот орындаушысы А.А.Мухамедиевпен, Қостанай облысының ІІД құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы бойынша салықтық берешекті өндіріп алу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Көлік салығы бойынша салықтық берешек 309318 теңгені құрайды. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 2019 жылдың 02 қарашасында Samsung маркалы теледидар әрі қарай сату үшін салықтық берешектің есебіне өндіріп алынды.

Екінші рейд бойынша борышкер салықтық бұйрық бойынша  292590 тенге көлеміндегі сомманы өтеді.

 Бұл іс-шара тұрақты жүргізіледі.

 

                                                                                            Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы