Жарияланған күні: 04.06.2018 15:38
Өзгертілген күні: 04.06.2018 15:41

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ақпаратты татару жұмыстары шеңберінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Салық Кодексі еңгізілгенің хабарлайды. Жаңа Салық Кодексінің тұжырымдамасы салық төлеушілер үшін максималды ашықтық және салық заңнамасының нормаларының қабылдау рәсімін оңайландыру мақсатында құрылған.

Кіші соның ішінде жанұялық кәсіпкерлікті әрі қарай дамыту мақсатында, Салық кодексімен кіші бизнес субъектілері үшін салық салу ерекше шарттары қарастырылған. Оған арнаулы салық режимдері, салық құқығы нормаларын түсіндіру осы мақалада айтылады.

Салық Кодексімен патент негізіндегі арнаулы салық режимін сақтау қарастырылған, бұл режимді қолдану кезіңде:

  1. Әлеуметтік салық жойылды;
  2. Жеке табыс салығының ставкасы 1% болып бекітілген, сауда саласында  әрекет жасайтын тұлғалардан басқа  (ставкасы 2% мөлшерінде бекітілген);
  3. 2020 жылдаң патент негізіңде әрекет ететің салық төлеушілер үшін қызмет түрлері тізімі шектелген.

Сонымен, жалдамалы жұмыскерлер еңбегін қолданбайтын және жеке қызмет түрлерімен айналысатын, ірі табыс сомасын көздемейтін, мемлекетімізбен айтылған салық төлеушілер санатына салық жүктілігі максималды төмендетілген.

Сонымен қатар, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі сақталды:

  1. Табыс көлемін шектеу (заңды және жеке тұлғалар үшін) біріктірілген (еңбек ақының минималды көрсеткішінің – 2 044 еселенген мөлшері, 2018 жылы  - жартыжылдықта 57,8 млн.теңге) және жұмыскерлер саңы (30 адамнаң артық емес);
  2. Ставканы (табыстан 3% шегерімдерді есептемегенде) және ағымдағы шектеулерді соның ішінде қызмет түрлері бойынша;
  3. Айтылған арнаулы салық режимін қолданатын субъектілер бойынша әлеуметтік төлемдер сомасы (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, әлеуметтік төлемдер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтаңдыру қорына төлемдер, сонымен 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтаңдыру қорына жарналар) ай сайын, төлемлерді оңайлатылған декларацияда көрсетіп (жартыжыл қорытыңдысы бойынша 1 рет).

Мұндай өзгерістер кәсіпкерлік субъектілер табысы жоғары емес бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізетің бухгалтерлер штатың ұстау мүмкіндігі жоқ , әсіресе жеке кәсіпкерлер арасында оң қолданыс тапты.

2018 жылдаң бастап  тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі еңгізіледі, сонымен қатар:

1) жаңа салық салу режимінде  кіріс және шығыс есебін еңгізу қолдану құқығы ерікті түрде беріледі, қызмет түрі бекітілген  критерияларына сәйкес, құрылымдық бөлімшелердің болуына шектеужәне т.б.;

2) табыс көлемін шектеу критериялары жоғары  (оңайлатылған декларациямен салыстырғанда) (еңбек ақының минималды көрсеткішінің – 12 260 еселенген мөлшері, 2018 жылы  - 346,8 млн.теңге) және жұмыскерлер саңы (50 адамнаң артық емес);

3) табысқа салық салу объектісі өзгертілді (әрекет ететін оңайлатылған және патент режимімен салыстырғанда), шығыс сомасына азайту.

Осылай бола тұра, табысқа Қазақстан Республикасында және оның сыртында салық кезеңінде 690-691 баптарымен көрсетілген ерекшеліктер есебімен алынатын (алынған) барлық табыс түрлері кіреді.

Шығыстардың мынадай түрлері бар:

  1. тауарларды сатып алуға;
  1. 257-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс жұмыскерлердің есептелген кірістері мен жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша;
  1. 263-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс салық және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге;
  1. 244-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылардың сомалары шегерімге жатады.

4) корпоративті және жеке табыс салығының жалпыланған ставкалары колданады 20% және 10% көлемінде, сәйкесінше.

5) Қолдану қарастырылған:

  • ЖЖТ сомасының  30% мөлшерінде қосымша белгіленген шегерім. Қосымша шегерілімді қолданғанда шегерімге алынған жалпы шығыс сомасының қосымшаны қосқанда  ЖЖТ 70% аспау керек;
  • еңбек қорының 100%-ға салық салынатын табысын азайту бойынша нормалары (ұқсас кезеңде еңбек қоры шегерімінен басқа).