Жарияланған күні: 16.11.2017 11:20
Өзгертілген күні: 16.11.2017 11:43

Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қорғаныс тапсырысы мүдделі мемлекеттік органдардың келісуі бойынша уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарларды сатуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

Әскери және арнайы киім-кешектің заңсыз сатылуының сұрақтары еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі қарай - Кодекс) 196 бабына сәйкес тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасауға әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Осыған қоса, Кодекстің 675 бабына сәйкес әскери киiмнің нысаны мен айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүруге (пайдалануға) жауапкершілік белгіленген.

Жоғары аталғанды ескере отырып, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әскери (арнайы) киімді және айырым белгілерін сату мен тағу, сондай-ақ оның жауапкершілігіне байланысты азаматтардың заңнаманы сақтауды сұрайды.