Жарияланған күні: 08.02.2024 18:08
Өзгертілген күні: 08.02.2024 18:09

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай жоғары политехникалық колледжі" КМҚК базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының әртүрлі нысаналы топтары деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында студенттермен кездесу өткізді. 
Департамент өкілдері Куаныш Компаков және Гульжан Мизамбекова студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлықты бұзғаны үшін жауапкершілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерін және мемлекеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі іс-қимылдарды  баяндайтын  дәріс оқыды.
Сондай-ақ студенттерге мемлекеттік қызметшінің мәртебесі, Мемлекеттік кірістер органдарында жұмыс істеу перспективалары туралы ақпарат жеткізілді және мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу үшін конкурстық рәсімдерге қатысу шарттарына қатысты түсініктемелер берілді.