Жарияланған күні: 14.10.2019 15:20
Өзгертілген күні: 14.10.2019 17:34

       

        2019  жылғы  8-10 қазан аралығында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстар  басқармасының басшысы С. Т. Дөненбаев, қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Т. С. Губайдулин, қызметтік тергеу бөлімінің бас маманы С. Ж. Молдакешова Қостанай,    Рудный қалалары, Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу  және іс-қимыл» тақырыбында көшпелі семинар-кеңестер өткізілді.                                                                                                        

        Семинар-кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қостанай облысының мемлекеттік қызметшілерін ұстау фактілері бойынша бейне-ролик көрсетілді.                                                                                                                               

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасы