Жарияланған күні: 10.12.2019 18:35
Өзгертілген күні: 10.12.2019 18:36

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды Тауарлардың кедендік құнын айқындау 1994 жылғы тарифтер мен сауда туралы бас келісімнің (ГATT 1994) VII бабында белгіленген жалпы қағидаттар мен ережелерге және 1994 жылғы тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімімен, сондай – ақ «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 6 тарауына сәйкес негізделген.
Тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға қатысты мәліметтер, дұрыс, сандық анықталатын және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуі қажет.
Тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімдері жалпыға бірдей қолданылатын, яғни тауарларды жеткізу көздеріне, оның ішінде тауарлардың шығу тегіне, тауарлардың түріне, мәмілеге қатысушыларға және басқа да факторларға байланысты ерекшеленбеуге тиіс.

Тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін мынадай алты әдіс қолданылады:
- әкелінетін тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс;
- бірдей тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс;
- біртектес тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс;
- азайту әдісі;
- қосу әдісі;
- резервтік әдіс.

Кедендік бақылаудан өту кезінде тауарлардың кедендік құнын қате декларациялауға байланысты тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар «Астана-1» АЖ-дағы тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес автоматты түрде айқындалады.
Сол уақытта, ҚР ҚМ МКК сайтында https://kgd.gov.kz кеден құнының индексін көрсете отырып, бірдей, біртекті тауарлар бойынша баға ақпараты орналастырылған, онда сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға Кеден құнын декларациялау үлгілерімен ашық түрде танысуға мүмкіндік берілген.
Бұл бағалы ақпаратты сыртқы экономикалық қызметке қатысушы «Астана-1» АЖ-да оны төмендету тәуекелін анықтаған кезде кедендік құнға түзету жүргізілген жағдайларда қолдану мүмкіндігі бар.

 

                                                                                                                                              Тарифтік реттеу басқармасы