Жарияланған күні: 24.05.2023 09:39
Өзгертілген күні: 24.05.2023 09:42

03.04.2023 жылдан бастап басқа тұлғалар үшін төлеген кезде салық төлеушілердің БСН/ЖСН түзету мүмкіндік алынып тасталды.
Осылайша, мемлекеттік кірістер органдары жүйесін техникалық жаңарту нәтижесінде салық төлеушінің БСН/ЖСН өзгерту қолжетімсіз болады.
Бұл мына тұлғаларға қатысты:
- жеке тұлғаның салық берешегінің сомаларын аударатын жеке сот орындаушыларына
- құрылымдық бөлімше үшін аударатын бас ұйымдар
- борышкердің салық берешегі банктік шоттарынан өндіріп алынған дебиторлар
- 2-деңгейдегі банктердің, Қазпошта АҚ жеке тұлғалардың төлем құжаттарын қате төлемдер
- қызметкердің жалақысынан салықтар мен төлемдерді ұстайтын заңды тұлғалар
- зейнетақыдан салықтар мен төлемдерді ұстайтын азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ
- басқа тұлғаға салықтар мен төлемдер жіберетін жеке тұлғалар
Бұл ретте, сомалар дұрыс түсуі үшін «Төлем мақсаты» жолағында, төлем кімге төленетінін білу үшін бір салық төлеушінің БСН/ЖСН көрсету қажет.
«Төлем мақсаты» жолағында бірнеше салық төлеушілердің БСН/ЖСН көрсетілген кезде, сома «Ақша жіберушінің» БСН-не түседі.