Жарияланған күні: 20.07.2017 12:53
Өзгертілген күні: 20.07.2017 12:54

Төленген мемлекеттік баж сомаларын қайтаруға қарасты түсініктеме

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 548 бабына сәйкес төленген мемлекеттік баж сомаларын қайтару төленген мемлекеттік баж сомаларын толық немесе аздап қайтаруға жатады.

Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды салық қызметі органдары оның мемлекеттік баж сомасы төлегені туралы төлем құжаты, салық,басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар және айыппұлдар  қоса берілген салықтық өтінішінін қарауынан кейін, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізіледі.

Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органдары ,қайтаруға салықтық өтініші берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есебіне жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан жүргізеді.

 

Рудный қаласы бойынша МКБ