Жарияланған күні: 05.11.2019 10:02
Өзгертілген күні: 05.11.2019 18:04

       Күн сайын Қостанай қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасы мәліметтерді жазу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын пайдалану туралы салық заңнамасын түсіндіру, сондай-ақ «Түбіртекті талап ет те - жүлдені ұтып ал!» науқанында халықты белсенді ету мақсатында сауда үйлеріне және аймақтық базарларға рейд жасап, акция шарттары бойынша жадынамалар таратты. 

         "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен "Wipon" мобильді қосымшасының қолдауымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылғы 21 тамыздан 30 қарашаға дейін жыл сайынғы "Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!" акциясын (бұдан әрі – акция) өткізеді, онда 3 000 000 теңге бірден жүлделер түрінде және бас жүлде - автокөлік ойнатылады.

         Акция Apple App store және Google Play market-тен тегін көшіріп алуға болатын "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

         Акцияға онлайн-БКМ фискалдық түбіртегінің деректерін ұсыну арқылы тауарды, жұмысты немесе қызметті сатып алуды растаған ҚР азаматтары қатыса алады.

         Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейін балансқа қаражат ұтып алуға мүмкіндігі бар. Жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі – автомобильдің ұтыс ойынына қатысады. Грандфинал ағымдағы жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, онда бағалы сыйлықтар, соның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады. Басты жүлде жеңімпазы түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады. Осылайша, түбіртектер көп жіберілген сайын, соғұрлым қатысушының автокөлікті ұтып алу мүмкіндігі көп.

 

 Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы