Жаңа жыл қарсаңында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылы» КММ тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады!
Мерекелік көңіл-күй, аманшылық, мықты денсаулық, оқуда табыс тілей отырып, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
Балалар ауылының тәрбиеленушілері өз кезегінде Департамент қызметкерлеріне үлкен алғыстарын білдірді.
Түсіндіру жұмыс басқармасы