Жарияланған күні: 14.11.2018 10:08
Өзгертілген күні: 14.11.2018 10:10

    Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 91  шешіміне сәйкес (бұдан әрі – Шешім) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап  кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып, иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда теміржол және автомобиль көлік түрімен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың әкелу нормасы 1500 еуродан 500 еуроға және 50 кг 25 кг төмендейтінін хабарлайды. 

 

                                                                   Кедендік бақылау басқармасы