Жарияланған күні: 08.02.2021 19:43
Өзгертілген күні: 08.02.2021 19:44

Денисов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  Кодексіне сәйкес, мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) Қазақстан Республикасында есепте тұрған тіркемелерді қоспағанда, меншік құқығында көлік құралдары бар жеке тұлғалар салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық мөлшерлемесін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін көлік құралдары салығының сомасын дербес есептейді.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі 2021 жылғы 01 сәуірден кешіктірілмейтін күн болып табылады. Қазақстан Республикасының көлік құралына қатысты жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын көрсетілген іс-әрекеттер жасалғанға дейін бюджетке енгізуге тиіс.

Сонымен қатар, берешекті өндіріп алу мақсатында Денисов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жеке сот орындаушыларымен бірлесіп тұрақты негізде жеке тұлғалардан салық берешегін өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Мәселен, 2021 жылғы 02.02. осындай рейдтік іс - шаралардың бірі жүргізілді, нәтижесінде-3 салық төлеуші 48834 теңге сомасына берешегін өтеген, бір салық төлеуші бойынша мүлік тізімдемесі жүргізілген. 

Баяндалғанмен қатар, салықты уақтылы төлемеген жағдайда өсімпұл есептелетінін, уәкілетті органдар тіркеу іс-әрекеттерін шектеуді, салық төлеушінің елден тыс жерлерге шығуын, борышкерге тыйым салуды, мүлік тізімдемесін және т. б. жүргізетінін сіздің назарыңызға жеткіземіз.

Баяндалғанмен қатар, салықты уақтылы төлемеген жағдайда өсімпұл есептелетінін, уәкілетті органдар тіркеу іс-әрекеттерін шектеуді, салық төлеушінің елден тыс жерлерге шығуын, борышкерге тыйым салуды, мүлік тізімдемесін және т. б. жүргізетінін Сіздің назарыңызға жеткіземіз.

Осыған байланысты, Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кезекті рет салық берешегін және ағымдағы төлемдерді төлеу қажеттігі туралы хабарлайды.

Облыстың аудандары мен қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс телефон нөмірлері туралы ақпарат Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Web-сайтында орналасқан. Салық төлеушілер салық сомасын есептеуді web сайтты пайдалана отырып жүргізе алады http://www.kgd.gov.kz, «Электрондық қызметтер», «Калькулятор», тиісті жолдарды толтыру арқылы көлік салығын есептеу.

Төлемді «Қазпошта» АҚ барлық бөлімшелерінде, екінші деңгейлі банктерде жүргізуге болады. Сондай-ақ, порталда электрондық түрде «еGov.kz» немесе «E-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы. Бұдан басқа, төлемді екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүргізуге болады (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқалар).