Жарияланған күні: 24.10.2019 12:02
Өзгертілген күні: 24.10.2019 16:38

     

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі № 262-VI Заңына сәйкес, (бұдан әрі - Заң) жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасау жүргізу көзделген.

       Заңның 57-3 - бабына сәйкес, 2018 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, салық төлеуші  жеке тұлға  2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша құрылған берешек сомасын төлеген жағдайда, салық берешегі болып танылмайды, бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелетін өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, осындай берешек сомасына оны төлеу күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығарылуға жатады.

      Бұл ретте өсімпұл берешек төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша есептен шығарылады.

        Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері, мұндай тұлғалардың салық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекелеген нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың немесе кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырумен  байланысты емес жағдайларды қоспағанда, жеке  кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қолданылмайды.

           Осыған байланысты, салық берешегі бар барлық азаматтарды есептелген өсімақы сомасын есептен шығару бойынша осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.

         Салық берешегінің бар жоғын ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Интернет-ресурсында мына http://www.kgd.gov.kz сілтеме бойынша «салық берешегінің болуы/болмауы туралы мәліметтер» бөлімінде  тексеруге болады

         Сонымен қатар, Кaspi.kz және Еgov.kz қосымшаларында салықтар, соның ішінде жер салығы, мүлік және көлік салығы бойынша берешекті қарау бойынша сервис әзірленді. Тек төлеушінің ЖСН енгізу жеткілікті. Төлемді осы сервисте жүргізуге болады.

         Жергілікті салықтар бойынша сұрақтар, түсіндірулер мен кеңестер алу мәселелері туындаған жағдайда,  Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер бөлімінің мына телефон нөмірлерін ұсынамыз: 53-49-51, 53-66-06.

Өндірістік емес төлемдер басқармасы